Қазақстанда Заңсыз активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді

Қаракөз Амантай 08 қыр. 2025 12:52

Бас прокуратура жанындағы Заңсыз шығарылған активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Менің ойымша, енді Комитеттің атауын өзгертіп, оны Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп атау қажет. Айта кету керек, Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен тиімді жұмыс жүргізді. Қазынаға шамамен 150 млрд теңге қайтарылды", – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, бұл қаржының есебінен 10 мектеп пен 4 спорт нысаны салынды, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен жаңғыртылуы жүргізілді, сондай-ақ 177 су инфрақұрылымы нысаны пайдалануға берілді.

Еске сала кетсек, Заңсыз активтерді қайтару комитеті 2023 жылғы 5 қазанда құрылған болатын. Оның міндетіне активтерді іздеу және қайтару, осы саладағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және активтердің елден заңсыз шығарылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою кірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар