Қазақстанда төртінші бір ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін

Кәмшат Тілеухан 21 қаң. 2025 16:37 501

Қазақстанда төртінші бір ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ЦДИАӨМ вице-министрі Асхат Оразбек 21 қаңтарда үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп жазады Dalanews.kz.

Егер қолданыстағы байланыс операторлары қазақстандықтардың қызмет көрсету сапасына және тарифтер деңгейіне деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, онда олардың орнын басқасы басуы мүмкін. Бірақ екі жылдан кейін.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ведомство қатарлық инвесторға Tele2 және Altel-ді сату жөніндегі мәмілеге "үлкен үміт артып отыр", себебі бұл қазақстандық байланыс операторлары арасындағы бәсекелестікті күшейтуі тиіс.

Бұл арада мәселе олардың қандай қадамдар жасайтындығында. Алдағы алты айда бұл жағы анық болады деп ойлаймын. Егер ешқандай өзгеріс болмаса, бізде жаңа оператор үшін жиілік жолақтары дайын тұр. Екі жылдан кейін қызмет көрсету сапасы қанағаттындырылмаса, онда соны нарыққа шығаруға дайын боламыз, деді Асхат Оразбек.

Оның пікірінше, қазір қазақстандық операторлар өз абоненттерінің сұраныстарын ескере отырып, нарықтағы позицияларын сақтап қалуға назар аударуы қажет.

 - Бізде ұялы байланыс нарығында біраз уақыт дуополия болып келеді. Олигополия сияқты дуополия да жақсы нәрсе емес, сондықтан жасалған мәміледен біз үлкен үміт артамыз, өйткені біз тарифтерді реттей алмаймыз. Бірақ біз нарықтың көрінбейтін қолы саналатын үш тәуелсіз ұялы байланыс операторы арасындағы өзара бәсекелестікке сүйенеміз, бұл байланыс сапасын арттырады. Оның бағаға да әсер ететініне сенімдіміз. Естеріңізде болса, алғаш Tele2 нарыққа шыққан кезде олар тарифтерін күрт төмендетті, содан кейін Kcell мен Beelineда  бағаны түсіруге мәжбүр болды. Сондықтан біз алдан осындай нәтиже күтеміз, - деп атап өтті вице-министр.  

Айта кетсек, "Қазақтелеком" мен PIH Communication LLC арасындағы Tele2 және Altel ұялы байланыс желісін сату бойынша мәміле 2025 жылдың 14 қаңтарында аяқталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар