Қазақстанда сұйытылған мұнай газын экспорттауға жаңа тыйым енгізілді

Қаракөз Амантай 14 қар. 2025 10:46

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын шетелге автокөлік және теміржол арқылы шығаруға алты айға тыйым салынды. Тиісті бұйрық Энергетика министрлігі тарапынан қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжатқа сәйкес, тыйым сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды (ТН ВЭД ЕАЭО кодтары көрсетілген) экспорттауға қолданылады.

Министрліктің мәліметінше, бұл шектеу келесі жағдайларға жүрмейді:

  • өнімді бөлу туралы келісім немесе Президент бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшарты аясында тұрақты салық режимімен жұмыс істейтін компаниялар;
  • Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан алынған тауарларды халықаралық шарттар негізінде экспорттау;
  • Қазақстан аумағын тек транзитпен кесіп өтетін тасымалдар;
  • Үкімет шешімімен гуманитарлық көмек ретінде шығарылатын өнімдер.

Бұйрық 2025 жылғы 14 қарашадан бастап күшіне енеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар