Energyprom сарапшылары ұсынған мәліметке сүйенсек, Қазақстанда стоматологиялық қызметтердің бағасы бір жылда 11,2% - ға өсткен. Осыған қарамастан, нарық қарқынды дамуда, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтар тістерін емдетуге 63,7 млрд теңге жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,5%-ға артық көлем, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Бұл соманың 54 млрд теңгеден астамын тұтынушылар өз қалтасынан төледі. Кәсіпорындар мен бюджет шығындары, керісінше, қысқарды", делінген шолуда.
Тіс емдеуге қаражат көп жұмсайтын Астана тұрғындары болып шықты: 16,1 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға артық. Екінші орында — Алматы (16 млрд теңге), үшінші орында — Батыс Қазақстан облысы (2,8 млрд теңге).
Ең қолжетімді қызметтер — Қызылорда, Жетісу және Ұлытау облыстарында.
Бағаның айтарлықтай өсімі мына өңірлерде тіркелді: Атырау облысы (+29,7%), Ұлытау облысы (+26,6%), Шымкент (+20,4%).
Ең тұрақты бағалар — Жетісу облысында (+1,8%), Астанада (+2,7%) және Түркістан облысында (+3,7%).
Егер қызмет түрлері бойынша бөліп қарастыратын болсақ:
- анестезия беру арқылы тіс жұлдыру 12,1%-ға,
- кариесті
- емдеу 14,2%-ға,
- тіс тасын тазалау 11,1%-ға,
- протез орнату 14,8%-ға қымбаттады.
Стоматологиялық клиникаларға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында 17,5% - ға, яғни 1,6 млрд теңгеге дейін өсті. Инвестициялар бойынша көшбасшы Түркістан облысы болды, мұнда инвестиция көлемі 7 есе өсті. Ақшаның көп бөлігі банктік несиелер емес, клиникалардың өз қаражаты есебінен салынады.
Сарапшылар бұл баға өсімін импорттық материалдар, жабдықтар мен жалдау ақысының қымбаттауымен байланыстырады. Сонымен қатар, көптеген жеке клиникалар жабдықты жаңартуға және қызмет көрсету аясын кеңейтуге инвестиция салады.