Қазақстанда стипендия 500 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қазақстанда стипендия 500 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
ашық дереккөз

Қазақстанда 2030 жылға қарай стипендия 500 мың теңгеден асуы мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек Tengri Edu-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстанда студенттер, магистранттар және докторанттардың шәкіртақысын алдағы бес жылда кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отыр.

Саясат Нұрбектің сөзінше, кейінгі бес жылда жоғары оқу орындарындағы стипендия екі есе өскен. Енді министрлік 2026-2030 жылдары төлемді жыл сайын 15-20 пайызға арттырып, тағы екі есеге өсіруді көздеп отыр.

Жоспар жүзеге асса, 2030 жылға қарай бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 105 мың, педагогикалық мамандықтарда білім алатындардың шәкіртақысы 168 мың, магистранттардың шәкіртақысы 234 мың, ал докторанттардың шәкіртақысы 525 мың теңгеден асуы мүмкін.

Қазір докторанттардың ай сайынғы шәкіртақысы - 262,5 мың теңге. Дегенмен бұл - әзірге министрліктің жоспары, төлем мөлшері ресми түрде бекітілген жоқ.