Қазақстан сиыр етінің бағасы қолжетімді елдер қатарына енді. Бұл туралы Numbeo рейтингінде айтылады, деп хабарлайды dalanews.kz.
5 мамырда жаңартылған рейтингке 101 мемлекет кірген. Қазақстан 82-орынға жайғасып, сиыр етінің бір келісі орта есеппен 8,72 доллар (шамамен 4 050 теңге) деп бағаланған.
Көрші елдерде ет қымбатырақ: Ресейде - 10,93 доллар, Өзбекстанда - 10,86 доллар, Беларусьте - 9,25 доллар.
Ал ең қымбат сиыр еті Швейцарияда (45,58 доллар), Норвегияда (32,89 доллар) және Люксембургте (27,65 доллар) тіркелген. Дамыған елдердің көпшілігінде ет бағасы Қазақстанмен салыстырғанда 3-4 есе жоғары.
Ең арзан сиыр еті Пәкістанда (4,68 доллар), Нигерияда (4,73 доллар) және Кенияда (5,23 доллар) тіркелген.