Freedom Inside '26

Қазақстанда ҚҚС төлемейтін танымал сайттарды бұғаттау жоспарланып отыр

Қазақстанда ҚҚС төлемейтін танымал сайттарды бұғаттау жоспарланып отыр
gov.kz

Қазақстанда қосылған құн салығын тұрақты түрде төлемейтін интернет платформаларды бұғаттау тәжірибесі енгізіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық активтерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Талғат Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдымен компанияларға хабарлама жіберіліп, түсініктеме беру талап етіледі. Олар бұл талаптарды орындамаса, сайттарды бұғаттау шаралары қолданылады.

2022 жылдан бастап Қазақстанда Google салығы енгізіліп, шетелдік интернет компанияларға қазақстандықтарға көрсететін қызметтері мен сататын жазылымдары үшін қосылған құн салығын төлеу міндеттелген еді.

Қазір елімізде осындай 131 шетелдік компания тіркелген. Ірі салық төлеушілер қатарында Apple мен Valve бар.

Кейінгі төрт жылда осы салықтан бюджетке 171 миллиард теңге түскен. Ал 2026 жылы бұл көрсеткішті 100 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.