Қазақстанда қыздарды Сирияға жезөкшелікке аттандыратын ағым жұмыс істеуде

Қазақстанда қыздарды Сирияға жезөкшелікке аттандыратын ағым жұмыс істеуде
Елімізде қыздарды алдап-арбап, Сирияға аттандыратын теріс ағымның өкілдері жұмыс істеуде. Мұндай ақпаратты “Феминистік Лига” қоғамдық ұйымының жетекшсі Галина Морозова жариялады.

Бұл туралы 31 арна хабарлап отыр.

Айтуынша, ол жаққа аттанған қыздар көп ұзамай жезөкшеге айналады екен. Ақмола облысында аты танымал ұйымның жетекшісі осындай алаңдатарлық мәлімет таратты.

3d3y
3d3y


Галина Морозованың айтуынша, Қазақстанда қыздарды Сирияға аттандырып, кейін жезөкшеге айналдыратын арандатушы топ жұмыс істеуде екен. Және қазір адам саудасы бойынша қоғамдағы қатер теріс ағымдардан туындап отыр дейді ұйым жетекшісі.

ly6R7y7ZID8
ly6R7y7ZID8


“Ұйымның өкілдері барлық облыста жұмыс істейді. Бізде қазір Қазақстанда жас қыздарды Сирияға баруға үгіттейтін топ жұмыс істеп жатыр деген ақпарат бар.

1jihadwomen
1jihadwomen


Бұл өте қорқынышты жағдай. Сондықтан, біздің қыздарымызды мұндай топтардың арбауына түсіп қалмауға шақырамын. Қуантатыны, мұндай дерек Ақмола облысында тіркелген жоқ”, – дейді Феминистік Лига” Қоғамдық ұйымының президенті Галина Морозова.

 

1419439765_6519649 (1)
1419439765_6519649 (1)