Қазақстанда қазақ мақал-мәтелдеріне арналған сайт ашылды

Көркем Алдабергенова 17 жел. 2025 09:11

Қазақстанда қазақ мақал-мәтелдеріне арналған сайт ашылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы argymaq.kz сайтының бас редакторы Ержан Жаубай хабарлады. 

"Бірнеше жылдан бері Қазақ мақал-мәтелдеріне арналған сайт ашсам деп ойлап жүр едім. Тіпті мүйізі қарағайдай, ұлт, руханият, қазақ, ұлттық мұра деп сөйлегенде емешегі езіліп кететін біраз адамның алдына да бардым, осы сайттың техикалық жұмысына шамалы қолдау көрсетіңізші деп. Нәтиже болмады... Сол сайттың уақыты енді келген екен. Тәуелсіздік күні қарсаңында сіздерге қуанышымды жеткізейін дегенім ғой. Игіліктеріңізге жарасын! Пайдаланыңыздар!", - дейді ол. 
 
Ержан Жаубай сайт үнемі толықтырылып, үнемі жаңартылып отыратынын атап өтті. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар