Қазақстанда Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа лауазым енгізіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайы бірінші сессиясының ашылуында мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.
"Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар, жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын. Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауымды жариялаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.