Қазақстанда медицина қызметтері қымбаттауы мүмкін

Көркем Алдабергенова 13 қаң. 2026 15:01

Қазақстанда медициналық қызметтердің бағасы өсуі ықтимал. Бұған жаңа Салық кодексінде қарастырылған қосылған құн салығы (ҚҚС) себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Билік өкілінің айтуынша, ТМККК және МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылады. Яғни мемлекет кепілдік берген және сақтандыру жүйесіне кіретін ем-дом түрлеріне салық салынбайды.

Алайда дәріханалардағы баға мен медициналық қызметтердің нақты қаншалықты қымбаттайтыны әзірге есептелмеген. Шенеунік бұл бағытты әлі қарастырмағанын ашық айтты.

Соған қарамастан, ол ең басты жайтты нақты жеткізді, баға өседі. Оның сөзінше, медициналық қызметтер шамамен салық мөлшеріндей қымбаттауы мүмкін, яғни ҚҚС үстінен қосылады.

«Қанша пайызға өседі?» деген сұраққа нақты цифрлар айтылмады. Шенеунік бұл мәселе оның құзыретіне кірмейтінін мәлімдеді.

Осылайша, ресми түрде бірқатар медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылғанымен, іс жүзінде медицина саласында бағаның өсуі болмай қалмайтыны мойындалып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove