Бір ай ішінде Қазақстандағы тіркелген көліктер саны 826 мыңға азайған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 1 қазанға қарай елде 5,9 миллионнан аса көлік ресми тіркелген, оның 5,1 миллионы – жеңіл көліктер, деп хабарлайды Dalanews.kz NUR.KZ-ке сілтеп.
ІІМ бұл өзгерісті деректер базасын жаңартумен байланыстырды. Тексеріс кезінде қайталанған жазбалар, техникалық қателер мен дубликаттар жойылған. Осылайша, көлік саны азаюы нақты төмендеуді емес, мәліметтер нақтылануын көрсетеді.
Жаңартудан кейінгі жағдай мынадай:
-
жеңіл көліктер – 12,6%-ға азайған;
-
жүк көліктері – 9,4%-ға азайған;
-
автобустар – 18%-ға азайған;
-
мотоциклдер – 1%-ға артқан.
