Қазақстанда жол жағдайына бейімделген, сапасы жоғары отандық өнім — Attar шиналары өндіріле бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстан өнеркәсібі өз тарихында жаңа парақ ашты. Елімізде тұңғыш отандық көлік шиналары – Attar маркасы шығарыла бастады. Бұл өнімді өндіретін – Саран қаласындағы заманауи әрі толық автоматтандырылған жалғыз кәсіпорын Tengri Tyres зауыты. Шиналардың толық циклін қамтитын өндірістің іске қосылуы автомобиль саласы үшін ғана емес, жалпы экономикамыз үшін де үлкен қадам болып отыр. Бұл – ішкі нарықты қамтып қана қоймай, өнім экспортын дамытуға да мол мүмкіндік ашатын бастама.
Қазақстандық көлік жүргізушілері арасында ұзақ уақыттан бері «импорттық шина – сапалы, ал өзімізде жасалғаны – орташа деңгейдегі өнім» деген жаңсақ пікір қалыптасып келді. Attar шиналары бұл стереотипті түбірімен бұзып отыр. Себебі Tengri Tyres зауытында әлемнің үздік өндірушілерінің озық жабдықтары мен технологиялары пайдаланылады. Attar өнімдерінің сапасы шина өндірісіндегі халықаралық үздік стандарттарға толық сай келеді. Әрбір шығарылатын шина екі кезеңді сапа бақылауынан өтеді: алдымен көзбен шолып тексеріледі, сосын міндетті автоматтандырылған тексеруден өтеді. Сапа бақылауынан өтпеген шиналар сол жерде кесіледі де, қайта өңдеуге жіберіледі.
Айрықша айта кетерлігі, Attar шиналары Қазақстандағы климат ерекшеліктері мен жол жағдайларына арнайы бейімделген. Мысалы, Attar жазғы шиналарында резина қоспасының құрамына ерекше көңіл бөлінген. Бұл қоспа шиналардың жазғы маусымда ауа температурасының кең диапазонында тұрақтылық пен жақсы басқарылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, дәл осы құрам шинаның тозуға төзімділігін айтарлықтай арттырады.
Attar шиналарының протектор дизайны Қазақстандағы түрлі жол жағдайларын ескере отырып жасалған. Құрғақ асфальттан бастап, жаңбырдан кейінгі ылғалды жолдарға дейін, қалалық жолдардан күрделі бағыттарға дейін – кез келген жағдайда сенімді басқару мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Оған қоса, жүктеменің оңтайлы таралуы арқасында Attar шиналары отын үнемдеп, жоғары жылдамдықта тұрақтылықты сақтайды.
Шина өндірісінің бүкіл циклі – резина қоспасын дайындаудан бастап, жинау, вулканизациялау және дайын өнімді бақылау жұмыстары түгелдей Қазақстандағы зауытта жүзеге асырылады. Бұл өндірістің сенімділігі мен өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Отандық автокөлік жүргізушілері Attar шиналарының артықшылығын сезіне бастады. Олар жаңа қазақстандық өнімнің жоғары сапасы мен қолжетімді баға арасындағы теңгеріміне де баса мән беруде.
Шина өндіруші ғана емес, Қазақстанда автокөлік құрастыратын зауыттар да Attar шиналарына сенім білдіруде. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап қазақстандық автозауыттар өз көліктеріне бастапқы комплектация ретінде Attar шиналарын орната бастады. Бұл – отандық шиналар тек сенімділік пен сапа жағынан үздік деп танылған жағдайда ғана қабылданатын шешім. Attar – енді жай ғана балама емес, сапаның жаңа стандартына айналды.
Қазақстанда толық циклді заманауи шина өндірісінің іске қосылуы – жаңа жұмыс орындары, жаңа технологиялар және экономиканың өркендеуі. Tengri Tyres – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ірі әрі заманауи кәсіпорын. Бұл – ел экономикасының жаңа деңгейге шығуының бір белгісі.
Attar жай ғана шина емес. Бұл – Қазақстанның сапалы әрі шетелдік аналогтардан кем түспейтін өнім шығара алатынын көрсететін нақты дәлел. Tengri Tyres мамандары өздерінің өнімдері қандай жолдармен жүретінін, жүргізушілер қандай ауа райы жағдайларына тап болатынын жақсы біледі. Сондықтан да Attar шиналары – Қазақстан жолдарында сенімді әрі жайлы жүріске арналған өнім.
Егер сіз әлі күнге дейін шетелдік танымал брендтерді таңдап жүрсеңіз, ой елегінен өткізіңіз: олар шын мәнінде жақсырақ өнім ұсына ала ма? Олар шынымен де жолда жақсы ұстай ма, ұзағырақ қызмет ете ме, бағасы қолжетімді ме?
Енді әрбір қазақстандықтың таңдау мүмкіндігі бар. Бұл таңдау жақсы мен «амалсыз таңдаудың» арасында емес, сапалы әрі отандық өнімді таңдау еркіндігі. Егер сіз жаңа шина іздеп жүрсеңіз, «Қазақстанда жасалған» өнімнен айналып өтпеңіз. Attar – бұл жай ғана балама емес, дәл біздің жолдарымыз бен жағдайымызға лайықталып жасалған, сапалы әрі қолжетімді нұсқа.
Осы маусымда шина таңдау мәселесіне басқаша қараңыз. Ескі стереотиптерден бас тартып, жаңа қазақстандық Attar шиналарына мүмкіндік беріңіз. Қазақстан жолдарына арнайы әзірленген шиналардың техникалық сипаттамаларын, сапа бақылауы мен баға саясатын салыстырыңыз. Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілер шетелдік танымал брендтермен бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп отыр. Attar – бұл жай ғана балама емес, жолдарыңыздың сенімді серігі болуға лайықты сапалы, ойластырылған әрі қолжетімді шина.