Қазақстанда ерекше мәртебеге ие AI университеті ашылады

Қазақстанда ерекше мәртебеге ие AI университеті ашылады
Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанда AI+X моделі бойынша жұмыс істейтін Qazaq AI Research University іске қосылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Елімізде мамандандырылған зерттеу ордасы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

"Qazaq AI Research University AI-Enabled University - ерекше мәртебе берілген, жасанды интеллект саласында мамандандырылған зерттеу университеті. Университет AI+X моделі бойынша жұмыс істейді. Бұл модель әртүрлі кәсіби бағыт бойынша мамандар даярлауды көздейді. Жасанды интеллект әр мамандық бойынша оқытудың бір бөлігіне айналады. Студенттер AI технологияларын үйренеді. Оларды нақты кәсіби салада қолдануды да меңгереді", - деді Ростислав Коняшкин.

Университет халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытады. Себебі Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері және Финляндияның жетекші университеттері, зерттеу орталықтарымен арада ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ, халықаралық AI-оқыту платформасын құру жоспарланып отыр.