Қазақстанда егістік науқаны толығымен аяқталып, АШМ есебі жарияланды

Кәмшат Тілеухан 06 мау. 2025 14:40

Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды. Мемлекеттік қолдау шараларының, диқандар мен жергілікті әкімшіліктің үйлесімді жұмысының арқасында егіс дер кезінде жүргізілді. Салалық министрлік мәліметтеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдары 23,7 млн гектар жерге егіліп, себілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Сонымен қатар, егістік алқаптардың құрылымын әртараптандыруға ерекше назар аударылды. Бұл ретте егін айналымының ғылыми негізделген нормалары, климаттық тәуекелдерге төзімділік және нарықтық үрдістер ескерілді", делінген ведомство хабарламасында.

Нәтижесінде, өнімділігі жоғары және сұранысқа ие дақылдардың егіс көлемі ұлғайды:

  • майлы дақылдар – 3,4 млн гектар (өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн гектарға артық),
  • мал азықтық дақылдар – 3,3 млн гектар (114 мың гектарға артты),
  • дәндік жүгері – 167,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары – 222,3 мың гектар.

"Аталған егіс алқаптары елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді", - дейді АШМ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, биыл егіс жұмыстарын қаржыландыру алғаш рет дала жұмыстары басталғанға дейін алты ай бұрын басталды. Жалпы қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгені құрады. Диқандардың жеңілдетілген қаржыға қолжетімділігін арттыру мақсатында қарыз сомасының 85%-на дейін кепілдік беру механизмі іске қосылды.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг арқылы алу көлемі 250 млрд теңгені құрады. Бұл машина-трактор паркін жаңартуға және көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық мерзімдерде, жоғары технологиялық тиімділікпен жүргізуге елеулі әсер етті.

Бұған дейін сайтымызда "Фермерлерге субсидия, Отбасы банк салымшыларына мемсыйлық жоқ". Үкімет сандырағы шынға айналуда" деген мақала жарияланған болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар