Қазақстанда доллар тағы арзандады

Кәмшат Тілеухан 31 қаң. 2025 18:53 260

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы аздап арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылғы 31 қаңтарда сағат 17-00-де KASE-де 1 АҚШ долларының құны 518,20 теңге болды. 30 қаңтарда сағат 17-00-де тіркелген бағаммен (1 доллар - 519,19 теңге) салыстырсақ, ұлттық валюта долларға шаққанда 0,99 теңгеге нығайды. 

Ал осы апта барысында ұлттық валюта 1,37 теңгеге, керісінше әлсіреген. Дүйсенбі, 27 қаңтарда сағат 15-30 уақытында биржада тіркелген доллардың орташа өлшенген бағамы 517,40 теңгені құраса, ал жұмада, 31 қаңтарда 518,14 теңге болып отыр.

Ақша айырбастау орындарындағы бүгінгі бағам:

Астана

1 АҚШ доллары: сату – 517 теңге, сатып алу – 523 теңге.
1 евро: сату – 538 теңге, сатып алу – 544 теңге.
1 рубль: сату – 5,2 теңге, сатып алу - 5,3 теңге.

Алматы

1 АҚШ доллары: сату - 519 теңге, сатып алу – 521 теңге.
1 евро: сату – 539 теңге, сатып алу – 543 теңге.
1 рубль: сату – 5,17 теңге, сатып алу - 5,25 теңге.

Шымкент

1 АҚШ доллары: сату – 519 теңге, сатып алу – 521 теңге.
1 евро: сату – 539 теңге, сатып алу – 544 теңге.
1 рубль: сату – 5,2 теңге, сатып алу - 5,26 теңге.

Бұған дейін халықтың төлей алмай жүрген Kaspi Bank алдындағы несиелер бойынша қарызы 291,6 млрд теңгеге жеткенін жазғанбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар