Freedom Inside '26

Қошанов Парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды

Қошанов Парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды
parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Мәжілісінің тарихтағы соңғы отырысы өтті. Енді қос палаталы Парламенттің құқықтық мұрагері Құрылтай болады.