Алматы метросында колледж студентінен үш оқ тәркіленді, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Райымбек батыр" метро бекетінде кәмелетке толмаған жолаушыдан үш оқ табылған.
Полиция департаменті мәліметінше, тексеріс кезінде қаладағы колледждердің бірінде оқитын студент ұсталған.
Жеке тінту барысында одан Калашников автоматына арналған болуы мүмкін үш оқ табылған. Оқиға орнына Жетісу аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақырылып, оқ-дәрілер тәркіленіп, сараптамаға жіберілген.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқтар қайдан алынғаны және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.