Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге заң бойынша тыйым салынғанын еске салды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, бұл талап "Құқықбұзушылық профилактикасы туралы" заңда қарастырылған.
Алайда шектеу ауа райына байланысты, медициналық көрсетілімдер кезінде, сондай-ақ, қызметтік міндетті орындау барысында және спорттық не мәдени іс-шараларға қатысушыларға қолданылмайды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабына сәйкес мұндай құқықбұзушылық алғаш рет анықталса, ескерту беріледі. Бір жыл ішінде қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Қазір осы талапты бұзғаны үшін 1613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.