Қазақстанда бес жолда орташа жылдамдық енгізілді

Қазақстанда бес жолда орташа жылдамдық енгізілді
ІІМ

10 шілдеден бастап тағы бес жолда орташа жылдамдық енгізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

ІІМ мәліметінше, жол апатының алдын алудың тиімді шараларының бірі - жолдарда көліктің орташа жылдамдығын бақылау. Былтырғы 17 наурыздан бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдардың ұзындығы екі мың шақырым болатын сегіз учаскесінде орташа жылдамдық бақыланады.

10 шілдеден бастап бұл жүйе ұзындығы 525 шақырым болатын тағы бес учаскеде іске қосылады: Ақтөбе - Қандыағаш, Алматы - Қорғас, Көкшетау - Петропавл, Астана - Теміртау, Астана - Щучинск тасжолдарының қосымша учаскелері.

"Қазір жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырым болатын тағы 14 ақылы жол учаскесін кезең-кезеңімен осы жүйеге қосу мәселесі қарастырылып жатыр. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізудегі басты мақсат - жүргізушілерді жазалау емес, адам өмірін сақтау" - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.