Қазақстанда баспана саудасы күрт бәсеңдеді

Қазақстанда баспана саудасы күрт бәсеңдеді
Фото: www.podmoskowje.ru

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы белсенділік төмендеді. 2026 жылғы шілдеде ел бойынша баспана сатып алу-сатуға қатысты 37 158 мәміле тіркелген. Бұл маусыммен салыстырғанда 4,9%-ға, ал былтырғы шілдеге қарағанда 6,5%-ға аз, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үй саудасы ең қызу жүрген қалалар - Алматы мен Астана. Шілдеде Алматыда 7 263, Астанада 6 999 мәміле жасалған. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 2 688-ге жетті.

Сонымен қатар бірқатар өңірде нарық айтарлықтай бәсеңдеген. Бір ай ішінде Маңғыстау облысында мәмілелер саны 33,7%-ға, Қарағанды облысында 28,7%-ға төмендеді.

Көпқабатты үйлердегі пәтерлерге қатысты 28.575 мәміле жасалып, олардың сатылымы бір айда 2,9%-ға азайды. Сатып алушылар арасында екі бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары болған. Мұндай баспана бойынша 11 056 мәміле тіркелген.

Жеке үйлер нарығындағы төмендеу бұдан да жоғары. Шілдеде 8 583 жеке үй сатылып, мәмілелер саны бір айда 10,8%-ға қысқарды. Ең үлкен құлдырау Маңғыстау облысында байқалды – жеке үй саудасы 49%-ға азайған.

Жалпы, 2026 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға төмендеген.