Қазақстанда айыппұлдар өсті

Көркем Алдабергенова 03 қаң. 2026 10:00

Қазақстанда 2026 жылдың басынан бастап қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар өсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 4 325 теңгеге дейін ұлғаюы себеп болды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 932 теңге болған.

Қандай айыппұлдар қымбаттады?

Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 86 500 теңге айыппұл қарастырылған.

Қоқыс тастау дерегі алғаш рет тіркелсе – 43 250 теңге, ал қайталанған жағдайда 86 500 теңге айыппұл салынады.

Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға мас күйде келу үшін 21 625 теңгеден 43 250 теңгеге дейін айыппұл көзделген.

Ұсақ бұзақылық жасағандарға 216 250 теңге айыппұл салынады.

Вандализм үшін жаза анағұрлым қатаң: айыппұл мөлшері 432 500 теңгеден 8,6 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Егер вандализмді кәмелетке толмаған жасаса, оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне 64 875 теңге көлемінде айыппұл салынады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар