Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша әкімшілік айыппұлдарға қатысты қызық үрдіс байқалды. Құқықбұзушылық саны сәл азайғанымен, салынған айыппұлдардың жалпы көлемі айтарлықтай артқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресми деректерге сәйкес, осы кезеңде 3,6 миллион адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Protenge телеграм арнасының мәліметінше, бұл былтырғының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайыз төмен. Айыппұл саны да аздап қысқарғаны байқалады.
Алайда салынған айыппұлдардың жалпы сомасы керісінше күрт өскен. Биыл бірінші тоқсанда өндірілген айыппұл сомасы 77,9 млрд теңгеге жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 62,7 млрд теңге болған.Нәтижесінде өсім 24,2 пайызды құрады.
Сонымен қатар қазақстандықтардың айыппұл төлеу тәртібі де жақсарған. Қазіргі таңда 43,9 млрд теңге төленген. Дегенмен мемлекет алдында әлі 33,9 млрд теңге берешек бар.
Тағы бір маңызды көрсеткіш - тоқтатылған әкімшілік істер санының азаюы. Бұл көрсеткіш 23,1 пайыз төмендеп, 71 мыңнан 54,7 мыңға дейін қысқарған.
Жалпы алғанда, құқықбұзушылық саны азаймаса да, айыппұл сомасының өсуі жазалардың күшейіп жатқанын көрсетеді. Жыл қорытындысы бойынша нақты үрдіс қандай болатынын уақыт көрсетеді.
