Хакерлер ұрланған криптовалютаның бір бөлігін орталықтандырылмаған биржаларға аударған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Хакерлер криптовалюта биржасынан ұрланған активтердің бір бөлігін орталықтандырылмаған биржалардың криптоәмияндарына аударған.
Компания мәліметінше, ұрланған активтердің шамамен 3,53 миллиард доллары Ethereum криптовалютасына тиесілі. Сонымен қатар, Bitcoin түрінде 1,45 миллиард долларға жуық, ал Tron криптовалютасымен 628 миллион доллар ұрланған.
Тағы шамамен 38 миллион доллар Arbitrum, Optimism және Base желілері арқылы шығарылған.