Қазақстанда 31 наурыздан кейін АИ-92 бензині қымбаттауы мүмкін. Үкімет бағаны ай сайын шамамен 1 теңгеге өсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2025 жылғы 16 қазаннан бастап енгізілген бензин мен дизель бағасына қатысты шектеу мерзімі ертең аяқталады. Осы уақытқа дейін мемлекет жанармай бағасын бақылауда ұстап келді.
Енді билік бағаны толық еркіндікке жібермей, кезең-кезеңімен көтеруді көздеп отыр. Алғашқы айларда АИ-92 бағасы ай сайын шамамен 1 теңгеге ғана өседі. Бұл – бағаның күрт қымбаттап кетпеуі үшін қабылданған шара.
Қазір әлемдік нарықта мұнайдың бағасы барреліне шамамен 112 доллар болса, Қазақстан ішінде мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілетін шикізаттың бағасы шамамен 25 доллар деңгейінде қалып отыр. Яғни, сыртқы және ішкі баға арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
