Министрдің сөзінше, биотехнолог Дос Сарбасов Қазақстанға оралған.
"Ол Техас университетінің Андерсон зертханасында жұмыс істеді. Бірнеше жылдан бері Назарбаев университетінің ұлттық зертханасын басқарады. Қазіргі таңда онкологияға қарсы жаңа препараттарды шығарумен айналысып жатыр", - деді министр.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 15 адам қазақстандық препаратпен емделіп жатыр.
"Біз бірден 4-5 жыл үнемдеп, үшінші кезеңге көштік, жақын арада ісікке қарсы дәріміз шығады", - деді министр.