Танымал дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желілер мен интернет платформаларда діни уағыз жүргізуге мүмкіндік беретін ресми миссионерлік куәлік алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, мұндай куәлік өзіне және екі наиб-имам - Берік Арын мен Сұңғат Саметовке Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңының талаптарына сәйкес берілген.
Имамның сөзінше, құжат мешіттен тыс жерде, соның ішінде интернет пен әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы уағыз-насихат жүргізуге рұқсат береді.
Нұрлан Байжігітұлы заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес миссионерлік қызметпен айналысу үшін арнайы рұқсат қажет екенін айтты. Осы талапқа сай өзіне және екі әріптесіне ресми куәлік табысталған.
Ол бұл құжат дін қызметкерлеріне берілген алғашқы ресми миссионерлік куәлік екенін де айтты.