Қазақстанда 38 мыңнан аса қауіпті сайт анықталды

Сағыныш Сардарова 24 қар. 2025 12:24

Қазақстанда балаларға зиян әрі заңға қайшы контенті бар 38 мыңнан аса интернет ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ата-ана бақылауын күшейту өте маңызды. Бала қандай сайттарды қарайтынын, кіммен онлайн байланыс жасайтынын қадағалау қажет. Сондай-ақ, құрылғыларда ата-ана бақылауы функцияларын қосып қойған жөн. Бұл қауіп-қатерді дер кезінде анықтап, баланы зиян контенттен қорғауға мүмкіндік береді", - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Қазақстанда балаларды зиян ақпараттан қорғау жүйесі "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңының талаптарына негізделген. Бұл заң мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін, сондай-ақ, қауіпті контентке мониторинг жүргізу, талдау және бұғаттау тетіктерін айқындайды.

2022 жылы заңнамаға "буллинг" және "кибербуллинг" ұғымдары енгізілді. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша 339 әкімшілік іс тіркеліп, олардың 198-і буллинг дерегі бойынша жауапкершілікке тартылған.
 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар