Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті
Dalanews.kz коллажы

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, 1Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы1 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған жарлық мәтінінде.

Бұл премьер-министр Олжас Бектеновке, оның орынбасарлары мен министрлерге - жалпы Үкімет құрамына қатысты болып отыр. Олар Үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз қызметін атқара береді.