Қазақстан теңге нығаюына байланысты 146 миллиард теңге жоғалтқан

Сағыныш Сардарова 14 сәу. 2026 12:12

Таяу Шығыстағы шиеленіс әлемдік мұнай нарығындағы тұрақсыздықты күшейткен. Алайда Қазақстанның республикалық бюджетіне негізгі әсер еткен фактор - теңге бағамы. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, есепті тоқсанда бюджет кірісіне сыртқы макроэкономикалық жағдайлар айтарлықтай ықпал еткен. Осы кезеңде мұнайдың орташа бағасы барреліне 80,6 доллар деңгейінде қалыптасқан.

Сонымен қатар, мұнай бағасы өсуінен түскен қосымша табыстың басым бөлігі тікелей бюджетке түспейді. Қолданыстағы жүйеге сай негізгі мұнай кірістері Ұлттық қорға жинақталады.

Қаржы министрінің сөзінше, бюджетке оң әсер көбіне мұнай экспорттық кедендік баж арқылы байқалған. Бұл бағытта қосымша 40,5 млрд теңге түскен.

Алайда теңгенің нығаюы керісінше кірісті тежеген. Есепті кезеңде орташа бағам 497,7 теңге деңгейінде қалыптасып, болжанған 540 теңгеден төмен болған. Соның салдарынан бюджетке шамамен 146 млрд теңге кем түскен.

Министр бұл айырмашылықты бюджет кірісін шектеген негізгі фактор ретінде атады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove