Қазақстан Тәжікстанға 900 млн теңгеге жуық мазут жеткізді

Қаракөз Амантай 01 қаз. 2025 16:10

30 қыркүйекте Душанбеде Қазақстан тарапынан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна мазут берілді. Оның жалпы сомасы - 893,7 млн теңге, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның халықаралық даму агенттігінің мәліметінше, салтанатты рәсімге Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Вахаб Туреханова қатысып, сертификатты Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің басшылығына табыс етті. Елші екі ел арасындағы стратегиялық қатынастар аясында бұл көмек көрсету шешімі қабылданғанын атап өтті.

Айта кету керек, гуманитарлық көмек Тәжікстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған және көрші мемлекеттердің өзара қолдауы мен достық қарым-қатынасын көрсетеді.

Агенттік мәліметінше, соңғы бес жылда Қазақстанның Тәжікстанға көрсеткен гуманитарлық көмегінің жалпы көлемі 21 млн АҚШ долларынан асты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар