Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан теміржол әкімшіліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Ағымдағы жылғы әкімшіліктермен бірлесе жүргізген жұмыс ағымдағы 10 айда тасымалдың оң қарқынына жетуге мүмкіндік бергендігі атап көрсетілді.
Атап айтқанда, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда контейнерлік жүк тасымалының өсімі 57%-ды құраған.
Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан темір жолдарының қатысуымен жүк тасымалы көлемін ары қарай да артыру, сондай-ақ 2020 жылы екі ел аумағы бойынша жүк тасымалына келісілген тарифтік саясат жүргізу бойынша жұмысты жалғастыруға ниеттерін білдірді.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы теміржол көлігі тасымалдарына бизнестің қызығушылығы артып келе жатқандығы, сондай-ақ жүктер тасымалын контейнерлендірудегі бар әлеуетті ескеріп, жүктерді, соның ішінде алюминий, қара метал, азық-түлік, құрылыс жүктері, машина мен құрал-жабдықтарды және өзгелерін тасымалдауда контейнерлік жөнелтілімдерді ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Келіссөз қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.