Қазақстан су тұтыну көлемі бойынша әлемде сегізінші орынға шықты

Қазақстан су тұтыну көлемі бойынша әлемде сегізінші орынға шықты
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстан жан басына шаққандағы су тұтыну көлемі ең жоғары елдердің қатарына енді. Зерттеу деректеріне сәйкес, ел әлемдік рейтингте сегізінші орынға жайғасқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Су ресурстары негізінен ауыл шаруашылығына жұмсалады

Сарапшылардың мәліметінше, әлемдегі тұщы су қорының басым бөлігі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге, электр станцияларын салқындатуға және өнеркәсіп жұмысын қамтамасыз етуге пайдаланылады.

Рейтинг БҰҰ, Дүниежүзілік банк және FAO AQUASTAT деректері негізінде жасалған. Онда ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке және коммуналдық жүйелерге жұмсалатын тұщы су көлемі есепке алынған.

Қазақстан – алғашқы ондықта

Жан басына шаққандағы жылдық тұщы су тұтыну көлемі бойынша:

  • Түрікменстан – 128 228 
  • Черногория – 125 155
  • Жаңа Зеландия – 68 652
  • Гайана – 61 907
  • АҚШ – 46 969
  • Әзербайжан – 45 379
  • Қазақстан – 44 002
  • Өзбекстан – 43 366
  • Қырғызстан – 39 023
  • Тәжікстан – 36 763

Түрікменстан көш бастап тұр

Зерттеуде Түрікменстанның рейтингте айқын басымдықпен бірінші орында тұрғаны атап өтілген. Бұл елдегі мақта шаруашылығына байланысты ауқымды суару жүйелерімен түсіндірілген.

Ал Черногория халық санына шаққандағы суды өте көп тұтынатын ел ретінде екінші орынға шыққан.

Әлемдегі судың 70 пайызы ауыл шаруашылығына кетеді

Сарапшылардың дерегінше, бүгінде әлем бойынша тұщы судың шамамен 70 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады.