Қазақстан Ресейдегі теракттен қандай сабақ алуы керек?

Қазақстан Ресейдегі теракттен қандай сабақ алуы керек?
видео кадры
Генерал-лейтенант, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған Нартай Дүтбаев Ресейдегі терактке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Генерал-лейтенант, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған Нартай Дүтбаев Ресейдегі терактке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Дүтбаев Ресейдегі терактті жасады деп айыпталған күдіктілерге қатысты пікір білдірді.

«Мен оларды (теракт жасаған күдіктілерді) байғұс деп айтпас едім. Олар террорист екені дәлелденді. Олардың бірі бәрін видеоға түсіріп, террористік ұйымдардың сайтында жарияланды. Ол танымал құрылым. Яғни ФСБ немесе Украина сол материалдарды алып, «Уәләят Хорасанға» жіберіп, олар өз атынан видеоны жариялаған», - дейді генерал-лейтенант Barys media арнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Нартай Дүтбаев Қазақстан бұл жағдайдан қандай сабақ алуы керегін айтты.

«Ең кемінде біз барлау қызметінің жұмысын түбегейлі қайта құру қажет. Бұл сала маған жақын. Сондықтан ол жайлы айта аламын», - дейді Нартай Дүтбаев.

Еске салайық, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус сити холл" концерт залында теракт болған еді. Қару асынған бірнеше адам қарапайым тұрғындарға оқ жаудырған.

Осы тұста, теракт ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше азамат ұсталды.

Бұған дейін Ресейдің Тергеу комитеті террористердің болжамды үш сыбайласын тұтқындауды сұраған болатын. Оларға қатысты іс материалдары Басман сотына түсті.

Mash арнасы олардың есімдерін жария етті.

"Олар - Аминчон, Диловар және Исроил Исломовтар (әкесі мен екі ағайынды). Олар террористерге көмек, байланыс, логистика ұйымдастырды деген күдікке ілінді", - деп жазылған арна мәліметінде.

Сонымен қатар бұл қатарда Қырғызстан азаматы  Әлішер Касимов та бар.

"Басманный аудандық соты РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы 3-бөлігінің "б" тармағында көзделген қылмысты жасады деп айыпталған Қырғыз Республикасының тумасы Алишер Хатамович Касимовқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдады ( Тергеушінің А.Х. Касимовқа қатысты бір ай 27 тәулікке, яғни 2024 жылдың 22 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін сот қанағаттандырды", - делінген хабарламада.