Қостанайда теракт туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірім жауапқа тартылды

Қаракөз Амантай 21 ақп. 2026 14:46

Қостанайда теракт туралы жалған хабар таратқан жасөспірімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жалған хабар таратқан жасөспірімнің жеке басын анықтады. Ол Қостанайдағы сауда орталықтарының бірінде теракт ұйымдастырылайын деп жатыр әдейі жалған мәлімет берген. Осыған байланысты жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Істі қарау қорытындысы бойынша Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыға бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Полиция қызметкерлері террористік акт туралы көрінеу жалған хабар тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove