ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында орналасқан кеден бекеттерінде Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 9 автомобиль өткізу пунктін толыққанды жаңғырту жалғасуда, деп жазады Dalanews.kz.
"Өзбек тарапымен келісім бойынша 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап үш айға бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалардың, сондай-ақ жеңіл автокөліктің, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк көлігінің "Тәжен" – "Даут Ата" өткізу пункттері арқылы өтуіне уақытша тыйым салынады", делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
Осыған байланысты, жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің ағынын қазақ-өзбек шекарасында орналасқан келесі өткізу пункттері арқылы қайта бөлінеді:
- "Б.Қонысбаев" (ҚР) - "Яллама" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүктемелейтін жүк автокөлік құралдары);
- "Қапланбек" (ҚР) - "Зангиота" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар);
- "Сырдарья" (ҚР) – "Малик" (ӨР), "Целинный" (ҚР) – "Ок Олтин" (ӨР) өткізу пункттері (жеңіл автокөлік құралдары легковые, жеке тұлғалар);
- "Бейнеу" (ҚР) – "Каракалпакия" (ӨР) теміржол өткізу пункттері (теміржол көлігімен жеке тұлғалардың өтуі).
Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жақсарады, жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі және тауарлар мен көлік құралдарының шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.