Қазақстан ОПЕК аясындағы құқық бұзушыдан проблемалық өндірушіге айналуда - Goldman Sachs

Кәмшат Тілеухан 09 қыр. 2025 11:51

Бұрын мұнай өндіруде ерікті шектеулермен келіскен, бірақ белгіленген квоталардан асып кеткен ОПЕК + елдері 2026 жылдың шілдесіне дейін тәулігіне артық өндірілген 4,779 млн баррелді өтеуі керек. Оның басым бөлігі Қазақстанға тиесілі болып шықты: тәулігіне 2,63 млн баррель, деп хабарлайды Dalanews.kz Kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Яғни, жуырда ОПЕК+ аясында мұнай өндірісі көлемін арттыруға мүмкіндік берілгенімен, Қазақстан 2026 жылдың маусымына дейін оны қысқартумен болады. Қысқарту кезеңі 2026 жылдың маусымына (қоса есептегенде) дейін жалғасады.

Қазақстан үшін мұнай өндірісі көлемін қысқарту кестесі келесідей:

  • 2026 жылдың қаңтары: -100 мың т/б;
  • ақпан: -300 мың т/б;
  • наурыз: -450 мың т/б;
  • сәуір: -490 мың т/б;
  • мамыр: -550 мың т/б;
  • маусым: -650 мың т/б.

2025 жылдың соңына дейін мұнай өндірісі көлемін төмендеу қалыпты жағдайда жүзеге асады: ай сайын тәулігіне 10 мыңнан 35 мың баррельге дейін.

Басқа елдер:

  • Ирак- 1,4 млн т/б (2026 жылдың маусымына дейін біркелкі).
  • Ресей - 311 мың т/б (2025 жылдың соңына дейін).
  • БАӘ-309 мың т/б (2026 жылдың маусымына дейін).
  • Оман - 70 мың т/б (2026 жылдың наурызына дейін).
  • Кувейт - 59 мың т/б (2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін).

Сауд Арабиясы мен Алжир мұнайды артық өндірмей, квота талаптарын қалтқысыз орындаған.

"Goldman Sachs мәліметтері бойынша, Қазақстан ұзақ уақыт бойы квоталарды бұзып келді, яғни кен орындарының ішкі ерекшеліктерін және қабаттардағы қысымды ұстап тұру қажеттілігін алға тарта отырып, мұнайды келісілген көлемнен көбірек өндірді. Енді жағдай, керісінше сипатқа ие болуда. Қазақстан өндірісті ұлғайту туралы ОПЕК жоспарына жуықтай алмауда. Желтоқсанға қарай талап етілетін тәулігіне 100 мың баррель өсімнің орнына еліміз 29 мыңға, ал наурыз-шілде айларында 37 мыңға "қара алтын" өндірісі көлемін қысқартады. Бұл елді әдеттегі құқық бұзушыдан проблемалық өндірушіге айналдырады", деп жазады Эльдар Шамсутдинов желіде.

Бұған дейін Қазақстан да мүшесі болып табылатын ОПЕК + елдері келесі айда нарықтағы үлесін ұлғайтуға ұмтыла отырып, мұнай өндірісі көлемін арттыруға өзара келіскенін жазғанбыз. Ондағы есептеулерге сүйене отырып, Қазақстан қазан айында мұнай өндірісі көлемін 1,556 млн баррельге дейін арттыруға мүмкіндігі бары да айтылып еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар