Freedom Inside '26

Шымкентте жеке үйден өрт шығып сегіз баланың анасы тірідей жанып кеткен

Шымкентте жеке үйден өрт шығып сегіз баланың анасы тірідей жанып кеткен
stan.kz

Шымкентте жеке үйден өрт шығып сегіз баланың анасы тірідей жанып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz stan.kz-ке сілтеп. 

Қайғылы жағдай қала іргесіндегі Қайнарбұлақ шағынауданында болған. Перзенттерінің көз алдында отқа оранған ананы аман алып қалу мүмкін болмаған. Ауруханада ажал құшқан әйел күйеуімен бірге үйде көрпе-төсек тігіп, нәпақа тапқан.

Жалын ішінен жүгіріп шыққан әйелдің денесінің 80 пайызын күйік шалған. Ал далада қалған күйеуі оны құтқарамын деп жалаң аяқ от кешіп, әйеліне жүгіре бергенін айтады.

Сегіз баласы бар Боранбаевтар отбасы көрпе-төсек тігіп, нәпақа тауып отырған. Үйдің ауласынан цех ашып, жұмыс істеген. Куәгерлердің айтуынша, алдымен мақта өртеніп, санаулы сағаттар ішінде баспананың күллі көкке ұшқан.

Бір сәтте жан-жары, баспанасы мен кәсібінен айырылған Айдос Боранбаев сегіз баласымен далада қалды. Екі аяғы күйіп, жүре алмай қалған ол жергілікті биліктен көмек сұрап отыр.