Freedom Inside '26

WhatsApp-та жаңа алаяқтық тәсілі тарап жатыр

WhatsApp-та жаңа алаяқтық тәсілі тарап жатыр
ІІМ

Полиция WhatsApp мессенджері арқылы тарап жатқан алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, алаяқтар өздерін "WhatsApp қауіпсіздік орталығы" немесе "ресми тексеріс қызметі" ретінде таныстырып, пайдаланушыларға аккаунтына қауіп төніп тұрғаны туралы жалған хабарламалар жібереді.

Мұндай хабарламаларда азаматтардан Start батырмасын басу немесе аккаунтын растау сұралады. Әдетте олар белгісіз нөмірлерден келеді.

Полиция WhatsApp қауіпсіздікке қатысты ескертулерді жеке нөмірлер арқылы жібермейтінін және пайдаланушылардан хабарлама арқылы аккаунтты растауды талап етпейтінін атап өтті.

Алаяқтардың негізгі мақсаты - аккаунтқа қол жеткізу, растау кодтарын қолға түсіру және жеке деректі иемдену.

Полиция тұрғындарды сақ болып, интернет алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.