Венада OPEC Халықаралық даму қорының даму форумы өтті. Форумға әртүрлі елдердің өкілдері, халықаралық инвестициялық топтар мен қаржы ұйымдары қатысып, ғаламдық даму және ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Панельдік сессия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясат және құрылымдық реформалар туралы айтты. Оның басты мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Вице-премьер тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін берік өнеркәсіптік негіз құруға және экономиканы базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа инвестициялық циклдің іске қосылғанын атап өтті.
«Біз ашықтық пен ынтымақтастық қағидаттарына адал болып қала береміз және Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияларды бәсекеге қабілетті жағдайларда тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауды жалғастырамыз», – деп мәлімдеді Нұрлан Байбазаров