Астанада селфи жасамақ болған 28 жастағы ер адам жаяу жүргіншілерге арналған «Атырау» көпірінен өзенге құлап кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас күйде болған. Селфи түсірмек болған сәтте аяғы тайып, суға құлаған.
Оқиға орнында жүрген серуендеу теплоходының экипажы алғаш болып көмекке келіп, зардап шегушіге құтқару шеңберін лақтырған.
Кейін оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ер адамды қайыққа шығарып, құтқару станциясына жеткізген. Дәрігерлердің қарауынан кейін ол қанағаттанарлық жағдайда жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.