Freedom Inside '26

Алматыдағы нөсерден кейінгі жағдай: қала әкімдігі мәлімдеме жасады

Алматыдағы нөсерден кейінгі жағдай: қала әкімдігі мәлімдеме жасады
Фото: zakon.kz

4 шілде күні Алматыда қатты нөсер жауып, қаланың 26 жерінде жаңбыр суы жиналды. Жауынның ең қарқынды кезеңі сағат 15:00 мен 16:00 аралығында болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, кешкі сағат 20:00-ге дейін су жиналған 24 жер толық тазартылды. Қалған екі аумақта да жұмыстар аяқталуға жақын.

Тәулік бойы қала көшелерінде 3 мыңнан астам жұмысшы мен 1 225 арнайы техника жұмыс істеді.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 6 шілдеде Алматыда жауын-шашын болмайды. Дегенмен коммуналдық қызметтер кез келген жағдайға дайын күйде жұмысын жалғастырады.