Қазақстан мен Ресей арасында соғыс болуы екіталай, бірақ қауіп бар - ресейлік саясаткер

Көркем Алдабергенова 20 мам. 2024 14:42 1919

Ресейлік саясаткер Борис Надеждин Қазақстан мен Ресейдің болашағына қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Айта кетейік, ресейлік саясаткер Борис Надеждин президент сайлауында көбірек дауыс жинай бастаған кезінде жарыстан алынып тасталған болатын.

"Менен Қазақстан мен Ресейдің болашақтағы қарым-қатынасы қандай болатыны туралы жиі сұрайды. Жауабы бір: егер мен президент болсам, екі елдің қарым-қатынасына байланысты сұрақтың жауабы түсініктірек болады, себебі менде империялық синдром жоқ. Ресей империясын қайта құру ойымда жоқ. Мысалы Украинаға қарсы әскери қақтығысты бастамас едім. Қазақстанның орыстілді солтүстік аймағының картасына да тиіспес едім. Ол не үшін қажет? Мен Қазақстанды империяның қалдығы ретінде емес, егемен мемлекет ретінде, абсолют тең құқылы серіктес ретінде қарастырар едім", - дейді Надеждин Exclusive.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның сөзінше, Қазақстан мен Ресей арасында соғыс болуы екіталай, бірақ қауіп бар. 

"Кремльде бір адам не десе сол болады. Ол адам – Путин. Бірақ оның да түрлі кеңесшісі бар. "Оларды Кремль мұнарасы" деп атаймыз, әрқайсының әртүрлі пропагандаға құрылған өз ойы бар. Бастапқыда Қазақстан туралы біртүрлі мәлімдемелерді Жириновский жасады, сосын Соловьев шықты, бұл олардың айтқан сөздері Ресей басшылығының ойында жүрген нәрсе деген сөз.

Соловьев ойдан құрастырмайды ғой, ол бір белгі беріп отыр. Сондықтан украиналық сценарий қайталануы екіталай, бірақ барлық нәрсені ескеріп жүру керек. Ол адамдардың ойында не бары түсініксіз", - дейді Борис Надеждин.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар