Астананың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 13 қарашада жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өтетінін ескертті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқу-жаттығу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 15 мекенжайда орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы маңында өтеді.
"Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнаулы органдардың терроризм көріністеріне шұғыл ден қою міндеттерін орындауға дайындығын тексеру", – деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты бұл аумақта жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Штаб тұрғындарды оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.