Тоқаев ұлттық компаниялардағы заңдылық пен ашықтық мәселесін көтереді

Тоқаев ұлттық компаниялардағы заңдылық пен ашықтық мәселесін көтереді
Aqorda

2026 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жиында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің ұстанымын жеткізеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компаниялар басшыларының жеке жауапкершілігі, сондай-ақ елдегі стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың қызметінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.