Қазақстан мен Финляндия – көк жүзінде түйіскен мүдде

Dalanews 22 ақп. 2015 08:34 931

Бүгінде Азаматтық авиация академиясы білікті ұшқыштар даярлауға баса көңіл бөлуде. Қай салада білікті маман жеткілікті болса, сол сала қарқынды даму жолына түсетіні айтпасада түсінікті. Қазір академияның 14 студенті Финляндиядағы Patria азаматтық авиация ұшқыштарын оқыту орталығында тәлім алуда. Осы ретте академияға арнайы келген Patria азаматтық авиация ұшқыштарын оқыту орталығының бас директоры Микко Паронен мырзамен тілдесіп, заман талабына сай ұшқыштар дайындаудың мәні мен мазмұны жайында ой бөлістік.

Академия ректор

– Микко Паронен мырза, сұхбатымызды «Patria» азаматтық авиация ұшқыштарын оқыту орталығының жұмысынан бастасақ. Өзіңіз басқарып отырған орталықтың жұмысы жайында қысқаша әңгімелеп берсеңіз?

– Patria компаниясының көпсалалы ірі компания. Біздің компания Финляндияның машина жасау саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Қазақстандағы ұғым-түсінікпен айтсақ, біздің компанияны үлкен холдинг деп қарастыруға болады.  Қазіргі таңда Patria компаниясы 3600-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Енді азаматтық авиация саласына жайында айтсам. Жалпы біздің компания бұл салада жұмыс істеп келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды. Азаматтық авиация саласында мол тәжірибе жинақтаған. Осы іс-тәжірибемізді Қазақстанның Азаматтық авиация академиясымен бөлісіп, оқу орынының 14 түлегін оқытып жатқан жайымыз бар. Реті келгенде мына бір мәселені де айта кетсем, Patria компаниясы тек азаматтық авиация саласының ұшқыштарын дайындамайды, сонымен қатар Финляндияның әскери әуе күштерінің ұшқыштарын да дайындау ісімен айналысады.

– Сонда фин елімен кез келген мемлекет әріптестік қарым-қатынас орнатып, азаматтық және әскери авиация саласында ұшақтар дайындауына мүмкіндік бар ғой?

– Біздің орталық тек қана өзге елдермен азаматтық авиация саласы бойынша әріптестік қарым-қатынас орната алады. Әскери әуе саласы бойынша біздер тек қана Финляндия азаматтарын оқытамыз. Ал азаматтық авиация саласы бойынша кез келген елмен ынтамқатастық орнатуға дайынбыз.

ушак

– ТМД елдері арасында өзге де елдермен байланыстарыңыз бар ма?

– Бұрынғы посткеңестік елдер арасында тек Қазақстан мен Ресеймен ғана байланысымыз бар. Ал қалған елдермен әзірше байланыс орнатқан жоқпыз. Шыны керек, азаматтық авиация саласына қажетті ұшқыштарды даярлықтан өткізуге  кез келген елдің мүмкіндігі бола бермейді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның азаматтық авиация саласына көңіл бөліп, академия мен біздің орталық арасында байланыс орнатуын үлкен жетістік деп бағалауға болады. Ұшқыш болуды армандаған қазақ жастарына мұндай мүмкіндік сыйлаған мемлекетке алғыс айтуға болады. Кең байтақ Қазақстанда Еуропа жұртшылығы Орталық Азиядағы экономикалық тұрғыдан қарышты дамып келе жатқан мемлекет ретінде таниды. Соңғы жылдары Қазақстанда халықаралық мәні зор айтулы шаралар көптеп болғанын білеміз. Осы оқиғалардың бәрі Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы байланысты кеңейте түсті. Алдағы уақытта «ЭКСПО – 2017» халықарылық көрмесінің өтуі де байланысты бұрынғыдан да жандандыра түсетіне сенімдімін. Сол кезде Азаматтық авиация академиясының түлектері жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіп, Қазақ елінің абыройын асыратын болады.

Микко мырза, фин елінде шағын авиацияның қаншалықты дамығанын айта отырсаңыз. Маңызды іс-тәжірибелеріңіз бізді қызықтыратыны анық.

– Финляндияда шағын авиацияның дамуына барлық жағдай жасалған. Өзіңіз де білесіз, біздің елдің Қазақстанның кең байтақ жерімен салыстыруға келмейді. Бірақ фин халқы жедел қарым-қатынас орнату үшін шағын авиацияны дамытуға баса көңіл бөліп келеді. Қазіргі уақытта Финляндияда 25 әуежай бар. Осы әуежайлардың бәрін азаматтық және әскери мақсатқа қатар пайдалануға болады. Сондықтан Финляндия Еуропадағы ұшқыштар даярлайтын жетекші елдердің біріне айналып отыр. Қазіргі таңда елімізде суға қонатын арнайы ұшақтар саласы жоғары деңгейде дамуда. Өйткені, Финляндияда мұндай ұшақтар еркін қонатын 118 мың көл мен көлшіктер бар. Бұл фин авиациясының басты артықшылығы десек болады. Шағын авиация экономиканың көптеген салалары мен туризмнің дамуына қолайлы жағдай туғызатыны белгілі. Сондықтан көптеген елдер біздің іс-тәжірибемізге қызыға қарайды.

Студенттер

– Авиация саласы дегенде бірінші кезекте ойымызға ұшқыштар оралатыны анық. Бірақ азаматтық авиация саласында жұмыс істейтін көптеген маман иелері бар екенін білеміз.  Қазіргі таңда Patria әуе мектебі авиация саласына қатысты қанша мамандықтарды дайындауда?

– Бүгінде авиация саласы қарқынды түрде дамып, ұшқыш дайындау ісі барынша  күрделене түскен. Біздің мектеп тек қана ұшқыштар даярлаумен айналысады. Ал азаматтық авиация саласына қажетті түрлі механиктер мен диспетчерлер басқа оқу орындарында тәлім алады. Бүгінде ұшақтардың түрі көп, сол сияқты оларды басқаратын пилоттар да түрлі топтарға бөлінген. Әрине, әуе көлігін тізгіндеушілерді «ұшқыштар» деп жалпылама айта салуға болады. Бірақ әрбір ұшқыш қандайда бір ұшақты тізгіндеу үшін арнайы сертификатқа болуы тиіс. Осыдан-ақ ұшқыштардың қаншама түрі дайындалатынын байқауға болады. Patria өз базасында ірі Boeing-тен бастап шағын авиация саласындағы ұшақтарды басқаратын мамандар даярлайтын мүмкіндікке ие. Соңғы уақыттары біздер тік ұшақты басқаратын пилоттарды әзірлеу мәселесіне көңіл бөлудеміз. Қазіргі таңда бұл бағытта арнайы жұмыстар жүріп жатыр.

– Микко мырза, Қазақстан мен Финляндияның географиялық орналасуында қандайда бір ұқсастықтар бар ма? Ұшу барысында ауа райы маңызды орынға шығады емес пе?

– Сұрағыңыз өте орынды. Ұшу кезінде ауа райы маңызды роль атқарады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан мен Финляндия арасындағы көптеген ұқсастықтар бар. Қазақ жеріндегідей фин елінің де қысы қатал, әрі қытымыр. Мұндай жанама факторлар қазақстандық жас ұшқыштардың туған жеріне келіп, жұмыс істегенде көп көмегін тигізетіні сөзсіз. Испанияның Херес қаласында азаматтық авиация саласының ұшқыштарын даярлайтын оқу орын бар. Онда да жан-жақты білім алуға барлық жағдай жасалған. Бірақ Испанияның ауа райы Қазақстандағы жағдайға ұқсамайды. Хересте жыл он екі ай аспан шайдай ашық болып тұрады. Қатал ауа райы мүлде жоқ. Меніңше, кез келген ұшқыш қатал ауа райында да ұшып үйренуі керек деп есептеймін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Нұрлан ЖҰМАХАН.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар