Қазақстан мектептерінде «Яссауитану» пәні оқытыла бастады

Қазақстан мектептерінде «Яссауитану» пәні оқытыла бастады
depositphotos.com

Қазақстан мектептерінде «Яссауитану» атты жаңа пән енгізіле бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қосымша дисциплина қазірдің өзінде елдегі 36 білім беру мекемесінде оқытылып жатыр. Оқушылар сабақ барысында Қожа Ахмет Яссауидің өмір жолын, хикметтерін, философиялық және адамгершілік идеяларын меңгереді.

Сонымен қатар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу және жаңа туристік бағыттар ашу жоспарланып отыр.

Яссауитану ғылыми орталығының қызметкері Бауыржан Ботақараев мектептің зайырлы мекеме екенін атап өтті.

"Мектеп – зайырлы мекеме. Мұнда қандай да бір дінге басымдық берілмейді және белгілі бір көзқарастар сынға алынбайды. Қожа Ахмет Яссауидің ілімі объективті түрде оқытылады. Курстың негізіне қазақтың дәстүрлері, ар-ождан бостандығы, ар-намыс, қадір-қасиет және адамгершілік секілді құндылықтар енгізілген", – деді ол.

Сондай-ақ Яссауи жылын ЮНЕСКО деңгейінде жариялау бастамасы да қарастырылып жатыр.