Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында көлік саласы, автокөлік жолдары және транзиттік дәліздерді дамыту елдің экономикалық өсуінің негізгі стратегиялық бағыты ретінде атап өтілді. Сарапшылар бұл бастамаларды ұлттық логистика жүйесін жаңғыртуға және өңірлік экономиканы күшейтуге бағытталған жүйелі қадам деп бағалап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Транзиттік дәліздер - елдің геоэкономикалық капиталы
«Қазақстанның автожолаушылар заңды тұлғалар бірлестігі» қауымдастығының президенті Бағылан Баймағанбетов Мемлекет басшысының сұхбатындағы көлік саласына қатысты айтылған ойына өз пікірін білдірді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатындағы басты ойдың бірі - Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі көлік хабы ретінде дамыту. Бұл тек транзиттік ағындарды арттыру емес, логистика нарығын әртараптандыру, көлік қызметтерін экспорттау және ұлттық экономиканың жаңа кіріс көздерін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағдар.
Халықаралық дәліздерді күшейту - Қазақстанның геоэкономикалық салмағын арттырып, елді өңірлік тасымал экожүйесінің орталығына айналдырады», - дейді ол.

Автокөлік жолдары - өңірлік дамудың негізгі драйвері
Жол саласының ардагері Асқар Сәукеновтың айтуынша, бұл жобалар жаңа логистикалық мүмкіндіктер ашады.
«Автожол инфрақұрылымы елдегі экономикалық белсенділіктің қан тамыры іспетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатындағы атап өткендей, жолдардың сапасын арттыру - өңірлер арасындағы көліктік байланыс пен жүк тасымалы тиімділігін күшейтеді.
Жөндеу және қайта құру жобалары өндіріс орындарына, ауыл шаруашылығы аймақтарына, шағын қалаларға жаңа логистикалық мүмкіндіктер ашады. Бұл - жол құрылысының әлеуметтік-экономикалық әсері жоғары екенін көрсетеді», - дейді жол саласының ардагері.
Көлік жүйесін жаңғырту - экспорт әлеуетін өсіреді
Ал жол саласының инженері Қайырбай Садуақасовтың айтуынша, бұл бастамалар шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты күшейтетін фактор болмақ.
«Көлік саласын жүйелі жаңғырту - тек инфрақұрылым салу емес, тасымалдау тізбегін тиімді басқару, жүк айналымын жеделдету және экспорт логистикасын оңтайландыруды білдіреді.
Қазақстан арқылы өтетін халықаралық бағыттарда жеткізу уақыты қысқарса, біздің аумақ транзит үшін одан да тартымды бола түседі. Бұл - шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты күшейтетін фактор. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында осы мәселелерге ерекше мән берілуі маңызды», - дейді Қайырбай Садуақасов.
Жол инфрақұрылымы - халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді
«Автокөлік жолдары - ел экономикасымен қатар азаматтардың күнделікті тұрмыс сапасына әсер ететін маңызды сала. Қауіпсіз қозғалыс, қолжетімді қатынас, өңірлер арасындағы мобильділік - бәрі жол инфрақұрылымымен байланысты.
Сапалы жол - әлеуметтік теңгерімді қамтамасыз ететін фактор. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатындағы көтерген мәселелер осы тұрғыдан өте өзекті», - дейді жол саласының маманы Нұрболат Қуандықов.

Инфрақұрылым - ұзақ мерзімді инвестициялық ресурс
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатындағы инфрақұрылымға салынатын инвестициялардың экономикалық қайтарымы ұзақ мерзімге есептелетіні анық көрсетілді.
Жаңа жолдар мен көлік желілері - бұл өңірлік дамуға серпін, бизнес үшін жаңа нарық, логистикалық ағындар үшін жаңа маршрут. Мұндай бастамалардың мультипликативтік әсері жоғары», - дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК департамент директоры Қуаныш Төлеуханов.
