Айтулы шараны «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Форумның басты мақсаты – ғылым мен бизнес арасын жандандыру, ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін кеңейтіп, ынталандыру, ғылыми-зерттеулер мен рейтингі жоғары шетелдің ғылыми журналдарына жарияланатын ғылыми мақалалардың сапасын арттыру болды.
Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым комитетінің басшылары, Springer Nature, Clarivate Analytics, «Яндекс», «РосАтом», Еуразия патенттік ұйымының өкілдері және Қазақстанның ғылым-білім мекемелері қатысты.
Форумға қатысушылар алдында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдрасілов сөз сөйлеп, Қазақстанның инновациялық мүмкіндіктері туралы айтты.
– Бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ДЭФ сраптамасы бойынша Қазақстан 53 орында, ТМД елдері арасында Қазақстанның алдында Әзірбайжан (37 орын) мен Ресей (43 орын) тұр. Бәсекеге қабілеттіліктің 5 факторы бойынша бізде нәтиже жақсарған. Ең көп даму инновация факторы бойынша (59) байқалған, – деді комитет төрағасы.
Өз кезегінде Б.Әбдрасілов форум сарапшыларының назарын қазақстандық бизнеске Қазақстанда инновацияға инвестиция салу қызықпайтынын аударып, «тапсырыс берушінің дағдарысы» деген мәселеге аударды. Бұл дегеніңіз, бизнес ғылым алдына ауқымды мәселе қоя алмайды.
Қазақстандық қайта қалыпқа келетін энергия көздері туралы «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ президенті Әділ Ыбыраев айтты.
– Қайта қалыпқа келетін энергия көздерінің Қазақстанда мүмкіндігі айтарлықтай мол, алайда жеткілікті пайдаланылып жатқан жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстанда баламалы энергия өндіру жалпы көлемнен бар болғаны 0,4% құрайды. Бірақ Қазақстан Орта Азия мемлектетері ішінде алғаш болып қайта қалыпқа келетін энергия көздеріне орын бөлетін төмен көмірсулы экономикаға көшу стратегиясын құрды, – деді.
Алдын ала берілген баға бойынша, республикадағы дәстүрлі емес қайта қалыпқа келетін энергия көздері электр энергиясы өндірісінде техникалық тұрғыда пайдалануға болады.Бұл мемлекетімізде электр қуатын тұтынудды арттырады және жылына 337 млрд. кВт.с құрайды, оның ішінде:
- Жел энергиясы – жылына 322 млрд. кВт.с
- Күн энергиясы – жылына 4 млрд. кВт.с
- Шағын ГЭС – 11 млрд.жылына кВт.с
Бұдан бөлек форум алаңында отандық жетекші және шетелдік мамандар баяндама жасап, келесі тақырыптар бойынша панельді жарыссөз өткізді:
«Ғылым мен Бизнес Ынтымақтастығы» алаңында «Үшінші жаңғыру және ҚР Ұлттық технологиялық бастамалары аясында ақпараттық жүйелердің қорғау, басқару және сараптау»,
- «Болашақтың энергиясын дамыту бойынша болжауда заманауи зерттеу»
- «Халықаралық патенттеу жаһандық АТ-нарығында жетістікке жетудің маңызды факторы» және т.б.
Форум жұмысы аясында Springer Nature және Clarivate Analytics компаниясының өкілдері ізденуші ғалымдар үшін ғылыми журналдарды таңдау, авторлық инструкциясы, сапалы ғылыми мақала дайындаудың жолдары, құрылымдық ғылыми мақалалармен жұмыс істеудің тәртібі, зерттеу жұмысының қорытындысын қорыту, ғылыми журналдармен хат алмасу сынды маңызды бағыттар бойынша семинар-тренингтер өтті.
Ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін ынталандыру, мақсатында еліміздегі «жасыл» энергетика саласын зерттеп, дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар марапатталды. Марапаттауда ғалымдардың «жасыл» энергетика саласы бойынша жоғары сілтемеге ие болған ғылыми мақалалары назарға алынды.
Заядан Болатхан, биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
Шынтеміров Алмас, техника ғылымдарының кандидаты, PhD (Ливерпуль университеті), Назарбаев Университетінің Робот техникасы зертханасының жетекшісі
Тен Виктор, «Назарбаев Университетінің» оқытушысы
Ибраев Ниязбек, физика-математика ғылымдарының докторы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің профессоры
Божко Лариса, Рудный индустриалды университетінің оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры
Хабдуллин Әсет, Рудный индустриалды университеті энергетика және ақпараттық жүйелер факультетінің деканы
Хабдуллина Зәуреш, Рудный индустриалды университеті электрэнерегиясы және жылу энергетикасы кафедрасының жетекшісі.
Тоқмолдин Нұрлан, физика-техника институты
«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі