Freedom Inside '26

Медицина саласы жемқорлыққа тексеріледі

Медицина саласы жемқорлыққа тексеріледі
pixabay.com

Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық бақылау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі, деп хабарлайды Dala News.

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, тексеру 2026 жылғы 7 мамырдан басталады. Оның аясында саладағы әкімшілік кедергілер мен жемқорлыққа әкелуі мүмкін тәуекелдер анықталады.

Ведомство азаматтар мен ұйымдарды осы бағытта өз ұсыныстары мен мәліметтерін жолдауға шақырды. Ақпаратты a.ismukhametov@dsm.gov.kz электронды поштасына жіберуге болады. Комитет барлық мәліметтердің құпиялығы мен анонимдігі сақталатынын атап өтті.

Түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде пайдаланылмақ.